Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен энергиямен жабдықтау ұйымдарының энергетиктеріне үндеу
Құрметті әріптестер!
Цифрландырудың белсенді кезеңінде, электромагниттік үйлесімділік пен энергиямен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың өсуі жағдайында ішкі және сыртқы энергожүйенің жай-күйі өндірістің тұрақтылығы мен цифрлық технологиялардың дамуы үшін басты факторға айналды.
KAZTONIKA жобасы аясында кәсіпорындардың энергожүйелеріне міндетті кешенді зертханалық және аспаптық диагностика жүргізуге арналған шешімдер кешені әзірленді, оған мыналар кіреді:
- электр энергиясының сапасы мен гармоникалық деңгейлерін диагностикалау;
- ұзақ уақыт пайдаланылған электр жабдығы мен ток қабылдағыштардың жай-күйін бағалау;
- апаттық ажырату және энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі шығындар қаупін анықтау;
- электромагниттік үйлесімділік бұзушылықтарының көздерін сараптау;
- энергожүйенің цифрлық технологияларға, АБЖ және телеметрияға әсерін талдау;
- реактивті қуатты өтеу тиімділігі мен жүйе режимдерінің жай-күйін бағалау.
KAZTONIKA жобасының барлық шешімдері мен технологиялары нақты зерттеулерге, саларалық тәжірибеге және халықаралық стандарттарға негізделген. Біз жай ғана қызмет емес, тұрақтылық пен энергия тиімділікке жетудің баламасыз жолын ұсынамыз.
Кәсіпорында диагностика жүргізуге дайынбыз
Диагностика және жаңғырту бойынша жеке ұсыныс алу үшін өтінім қалдырыңыз.